🍁 Ойланшы... таңертең ұйқыңнан ояндың. Көзіңді аштың, бірақ тас қараңғы... Ештеңе көрмейсің. Түн екен деп ойладың. Сүрініп жүріп жарықты тауып жақтың. Бірақ сонда да тас қараңғы. Жарық өшіп қалған шығар деп ойладың. Айғайладың... Анаң келді жаныңа. Бірақ тас қараңғы. Анаңды да көре алар емессің. Сұрадың "Анашым, неге үйдің іші қараңғы?",-деп. Бірақ анаң саған бөлменің жарық екеніндігін айтты. Ал сен тек қараңғылықтан басқа еш нәрсені көріп тұрған жоқ едің... Дәрігерге апарды. Бірақ мамандардың тексерісі нәтижесінде сенің мәңгі соқыр болатындығыңды айтты. Енді ойланшы, осы сәтте қандай күйде боласың??? "Өмір бойы тас қараңғылықты көргенше, өлген жақсы" дейтін шығарсың. Бірақ осы тас қараңғылықпен қаншама миллиондаған зағиптар өмір сүріп жатыр! Ал сен дәл осы жазбаны Алла берген қос көзіңмен көрудесің..."Әлхәмдулилләһ". Енді шүкір ет те, Раббыңа кұлшылық қыл! Алланың берген көзімен тек жақсылыққа қара! Харамнан көзіңді тый! Пайдалы ілім оқы, сауапты істер жасауға асық! Тіпті Алла саған 5 уақыт намазды парыз етпегеннің өзінде де, Сен Алланың берген әр бір нығметіне намазбенен, құлшылықпенен шүкір етуге міндеттісің! Осыны есіңнен шығарма!

Теги других блогов: намаз өмір тас қараңғылық