Әдетке айналуы тиіс қағидалар
Өмір қағидалардан құралады. Біз таңертең оянамыз, жұмысқа (сабаққа) жиналамыз, одан үйге қайтып келеміз. Көп адамның өмірі бір сарынмен осылай өрбуде. Біз осылай өмір сүріп жатырмыз. Ал осы бір сарынды өмірде біз әдеттенбей жүрген біраз қағида бар. Солармен таныс болайық.
Әр күні бір уақытта ұйықтап, бір уақытта ояныңыз.
Таңғы асты, түскі асты, кешкі асты белгілі бір уақытта ішіңіз. Ағзаңыз бұл үшін сізге рақметін айтатын болады.
8 сағат ұйықтаңыз.
Ұйықтар алдында сәл серуендеп, таза ауамен тыныс алыңыз. Бөлмеңізді ұйықтар алдында 1 сағат бұрын желдетіп алыңыз.
Күніне 1500 мл. су ішіп тұрыңыз.
Әр күні пайдалы тағамдар, жеміс-жидектер жеуге тырысыңыз.
Жатар алдында бір стақан айран ұрттап алыңыз.
Жатар алдында аяғыңызды суық сумен жуып жатыңыз. Біле білсеңіз, бұл да шынығудың бір түрі.
Бетіңізге табиғи қоспалардан құралған маска жасаңыз.
Таңмен тұрып жүгіріңіз. Жаттығулар жасаңыз.
Күніне 5 шетел сөзін жаттап жүріңіз.
Ешкімді өсектемеуге әдеттеніңіз. Біреу туралы жаман нәрселер айтылып жатқан ортада қосыла кеткіңіз кеп бара жатса да, тіліңізді тістеп, үнсіз қалыңыз.
Күн сайын бөлмеңізді жинастырып, қажетсіз заттарды лақтырып тұрыңыз.
Әр күні өзіңізге беймәлім бір нәрсе болсын біліп отыруға тырысыңыз.
Кітап оқыңыз. Күніне 10-15 бет оқып тастаңыз.
Ата-анаңызға күніне бір сағатыңызды болса да бөліп тұрыңыз.
Адамдарға жылы сөздер ғана айтыңыз.
Сөйлеп отырған сөзіңізді бақылауда ұстаңыз. Көңілден шыққан көрікті ойдың ауыздан шыққанда өңі қашпасын.
Өз-өзіңізді күтіңіз.
Жүрегіңізбен үндесетін өлеңдер жаттаңыз.
Жетістігіңізді жазып жүретін күнделік бастап қойыңыз.
Ақшаңызды босқа шашпаңыз.
Концерттерге, мәдени шараларға барып тұрыңыз. Бірақ жалғыз өзіңіз емес, жаныңызға жақын адамды ертіп алыңыз.
Ата-анаңыз бен дәрігерге өтірік айтпаңыз.
Тек жақсы ойларға беріліңіз. Бәрі сіз ойлағандай болатынына сеніңіз!