СӘЖДЕНІҢ ПНЕВМОНИЯҒА ПАЙДАСЫ
Бүгін ғана мен жатқан Тараз қалалық Көпбейінді аурухананың Пульмонология бөліміндегі палатамызға дәрігер әйел кіріп, қасымдағы науқасқа айтқан өзінің ақыл-кеңесінде "намаздағыдай позада жату керек" деп айтып қалды. Анықтап сұрасақ, намаздағы сәждені айтып тұр екен.
Дәрігердің жалпы сөзінен мынаны ұқтым:
Пневмонияға шалдыққан науқастар әдетте өкпенің үстіңгі бөлігімен ғана демалып, өкпенің асты тынысалу процесіне араласпай қалады. Салдарынан тәнге оттегі жетпей, сатурация (қандағы оттегінің құрамы) төмен болады.
Сәждеге барған адамның кеуде бұлшық еті (диафрагма) ашылып, өкпенің астыңғы бөлігі жоғары көтеріліп, ішіндегі көмірқышқыл газының жертартылыс күшімен төмендеп, ауыздан сыртқа шығып, терең тыныс алумен орнына оттегінің жиналуына сеп болады екен.
Бұл жерде сәждеде әдеттегіден ұзақтау жату және сауатты тыныс алу: мұрынмен терең дем алып, ауыз арқылы ауаны шар үрлегендей бәсең, әрі толық шығарып тастау маңызды.
Құрметті исі мұсылман қауым, Жаратушымыздың сіз бен бізге бұйырған намазының, соның ішіндегі сәжденің пайдасын қараңызшы!
Қанат Жұмағұл.